Базыгүрлі-жазыгүрлі – Маңғыстау түбегінің оңтүстігінде қатар жатқан ойыстар.
Базыгүрлі-жазыгүрлі ойысы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ең төмен нүктесі | 4−6 м |
Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық | 2,5-6,0 км |
Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық | 12−15 км |
Ауданы | 40−60 км² |
Орналасуы | |
42°47′17″ с. е. 53°25′17″ ш. б. / 42.788103° с. е. 53.421339° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°47′17″ с. е. 53°25′17″ ш. б. / 42.788103° с. е. 53.421339° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Маңғыстау облысы |
Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері
Базыгүрлі ойысының аумағы 40 км2 шамасында, ұзындығы 12 км, ені 2,5 км, теңіз деңгейінен 4 м төмен жатыр. Жазыгүрлі ойысының аумағы 63 км2, ұзындығы 15 км, ені 6,0 км-дей, теңіз деңгейінен 6 м төменде жатыр. Ойыстар неогеннің саз балшықты жыныстарынан, сарматтың бақалшақты әктастарынан түзілген. Табаны тегіс, сор батпақ. Кей жерлерінде құдықтардың (орпалардың) іздері сақталған. Батыс беткейлерінен басқа жерлері жарқабақты, батысы баспалдақ тәрізді. Жарқабақтарының (кемерлерінің) биіктігі 80 – 90 м-ге жетеді. Кемерлер басында Жаздыгүрлі, Базыгүрлі құдықтары орналасқан.
Өсімдігі
Өсімдіктерден негізінен бұйырғын, күйреуік, ащы жусан, жарқабақ беткейлері мен сай-салаларда көктемде әр түрлі астық тұқымдас эндемик өсімдіктер өседі. Полковник Ф.Берг экспедициясының жолбасшылары пен 1825 ж. 9 ақпанындағы көрсетілімдерінде Базыгүрлі ойысы туралы «Ойыс табанындағы қалың сексеуіл ішінде барыс бар. Қыр асып түсіп шығатын жолы қолайлы, жайылымы мен отыны мол, құдықтары сулы» – дейді. Қазір құдық сулары ащы.
Дереккөздер
- «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер