![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Байбек Ақшаұлы(1601, қазіргі Өзбекстан Республикасы Науаи облысы Нұрата аудыны — 1676, сонда) — би, Әйтеке бидің әкесі. Алшын тайпасынан тарайтын Төртқара руынан шыққан.
Аталары Ораз, Сейітқұл қажылар, әкесі Ақша, туысы Жалаңтөс есімдері Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтарға аян, беделді тұлғалар болған. Байбек Ақшаұлы Мир-Араб медресесін бітірген. Ходжент билеушісі ханның ордасында хатшылық қызмет атқарған. 1626 жылы Жалаңтөс баһадүр Самарқан әмірі болғаннан кейін, Байбек Ақшаұлы оның иелігіндегі елге келіп, Қызбибі тауының өңіріндегі елдің басын қосып, диқаншылыққа жұмылдырады. Сонымен қатар мал шаруашылығын өркендетуге де айрықша көңіл бөліп, Жалаңтөстің сарбаздарын жүйрік ат, күшті түйе көлігімен, азық-түлікпен үздіксіз жабдықтап отырады. Кейбір деректер бойынша, Байбек Ақшаұлы би жылқы мен түйенің тұқымын асылдандыру жұмысын ұйымдастырған. Ол өзінің қоластындағы және көршілес аудандардағы отырықшы, жартылай отырықшы және көшпелі қазақ, өзбек, ,қарақалпақтардың ынтымағын жарастыруға көп күш жұмсаған. Қазақтарды ұлттық сана-сезімді, ата дәстүрді берік ұстауға тәрбиелеген. Халық Байбек Ақшаұлының әділ билігіне риза болып, оны "төрелі би, төре би" деп атаған.
Дереккөздер
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , II том;
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер