Байтұрсын Есжанұлы Өмірбеков (14.9.1946 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Ескелді ауданы ) – графикашы-суретші, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (1999).
- 1969 жылы ҚазПИ-ді (ҚазҰПУ) бітіргеннен кейін осы институттың бейнелеу өнері кафедрасының ассистенті (1969 – 71), аға оқытушысы (1972 – 74), көркемсурет-графика факультетінің деканы (1974 – 78)
- Алматы театр және көркемсурет институтының оқу және ғылыми жұмыстары бойынша проректоры (1978 – 87), кафедра меңгерушісі (1990 – 92)
- графикикалық дизайн кафедрасының меңгерушісі (1992–94) қызметтерін атқарған.
- 1994 жылдан Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының директоры.
Өмірбеков кескіндеме, графика және мүсін (Қайрат Рысқұлбеков, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы еңбек ерлері мен Оңтүстік Қазақстан облысының Абайбазар ауданындағы алғашқы коммунарларына қойылған ескерткіштердің) саласы бойынша еңбектердің, бейнелеу өнері мәселелері жайлы кітаптардың (“Түр-түс әлемінде“, 1986; “Түр-түстердің тілдегі көрінісі”, 1992, екеуі де Ә.Қайдаровпен бірге; “Кеңістіктегі түр-түс” оқу құралы, 1990), мақалалардың, мәдени көркем жобалардың авторы.
Халықаралық өнертанушылар ассоциациясының мүшесі (2002).
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , X том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер