Балпан балық , шұбарбалық (лат. Blicca bjoerkna) – тұқы тұқымдасына жатады.
Балпан балық | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() () | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Blicca bjoerkna (Карл Линней, 1758) | ||||||||||||||||
Abramis bjoerkna (Linnaeus, 1758) |
Батыс Қазақстанның өзендерінде (Жайық, Жем, Ойыл, Сағыз) кездеседі. Ірі және ұсақ түрлері бар. Дене тұрқы 35 см-дей, салм. 400 г-ға (кейде 1,2 кг-дай) дейін, ұсақтарының тұрқы 10 – 15 см, салмағы 110 г-дай болады. Пішіні тыранға ұқсас, айырмашылығы: жұтқыншақ тістері екі қатарлы, қабыршағы ірілеу, арқа және асты қанаттарының талшықтары аз тарамдалған. Кеуде және құрсақ қанаттарының түсі қызғылт немесе қызыл, кейде сұр түсті болады. 3 – 4 жасында (ұсақ түрлері 1 – 2) жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын мамыр – маусым айларында су түбіндегі шөптерге шашады. Ұсақ жәндіктердің дернәсілдерімен, , өсімдіктермен, балдырлармен қоректенеді. Балпан балықтың кәсіптік маңызы шамалы.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы"