Балшытыр (лат. Pulmonarіa) – айлауықтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Балшытыр | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
дәрілік балшытыр Карл Линней, 1753 | ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
10 - 18 түрі белгілі |
Ботаникалық сипаты
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWtMMlE0TDFCMWJHMXZibUZ5YVdGZmIyWm1hV05wYm1Gc2FYTmZVM1IxY20weE1DNXFjR2N2TVRVd2NIZ3RVSFZzYlc5dVlYSnBZVjl2Wm1acFkybHVZV3hwYzE5VGRIVnliVEV3TG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHhMekUwTDFCMWJHMXZibUZ5YVdGZmIySnpZM1Z5WVY5TVpXaDBiMmx0YVd0ckpVTXpKVUUwWDFaZk1EaGZTRE0wTkRaZlF5NXFjR2N2TVRJd2NIZ3RVSFZzYlc5dVlYSnBZVjl2WW5OamRYSmhYMHhsYUhSdmFXMXBhMnNsUXpNbFFUUmZWbDh3T0Y5SU16UTBObDlETG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
- Биіктігі 15 – 35 см, жіңішке, қырлы, тік сабақты.
- Жұмсақ қылтанақты бұтақшаларындағы жапырағы – ұсақ қабыршақ тәрізді, сабақ бойындағылары – сағақсыз үшкір, ал тамыр мойнына жақын орналасқандары сопақша, ірі болады.
- Гүлдері сабақтың ұшында қалқан сияқты жинақталған, гүл сағағы қысқа, тостағанша жапырақтары қоңырау пішінді, ал күлтесі тозаңданғанша қызғылт, кейін көкшіл, қызғылт не көк түсті келеді. Мамыр – маусым айларында гүлдейді.
- Жемісі – ұзындығы 3,5 мм-дей жаңғақша. Ерте көктемде балшытырдың құрамында бал шырыны мол болады. Балшытырды сәндік гүл ретінде де өсіреді.
Өсетін жері мен таралу аймағы
Еуразияның қоңыржай белдеулерінде өсетін 10-нан аса түрі белгілі. Қазақстанда Есіл, Тобыл өзендерінің бойында, Ұлытау, Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы өңірінде өсетін бір түрі – жұмсақ балшытыр (P. mollіssіma) бар.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер