Балқан тілдік одағы ( орыс. балканский языковой союз ) — құрылымдық-типологиялық жалпы белгілері генетикалық жақындық негізінде емес, бір тұтас географиялық кеністікте ұзак уакыт бір-біріне әсер ету арқылы қалыптасқан тілдік одақтың ерекше түрі — Оңтүстік-Шығыс Еуропа тілдерінің жиынтығын білдіретін термин.
Балқан тілдік одағының құрамына үнді еуропа семьясындағы славян, роман, албания, грек топтарына жататын болгар, македон, серб-хорбат (жартылай), шығыс роман, албан, жаңа грек тілдері кіреді. Бір-біріне қарқынды ықпал ету нәтижесінде бұл одаққа кіретін тілдердің барлық денгейінде типологиялық ұқсастық қалыптасқан, ол балканизм деп аталады. Балқан тілдік одағы тілдері құрылымындағы айырым және ұқсас белгілердін негізінде жіктелген.
Балқан тілдік одағы тілдерінің фонетика, морфология, синтаксис, лексика салаларында бірқатар ортақ белгілері бар. Мысалы: сөйлеудін тақтырғактылығындағы ұқсастықты, лебізді екпіннін болуы, дауыстылардың сапалық ерекшелігінін болмауы, дауыстылар тонының бір келкілігі; дауыссыздардың ; ілік, барыс септіктердің белгілік/белгісіздік категорияларының сәйкестігі; аналитикалық жолмен жасалуы; грек, латын, славян, түрік тілдерінен ауысып кірген сөздердің мол кездесуі тағы басқа.
Балқан тілдеріндегі сәйкестіктерді алғаш байкаған 19 ғасыр В. Копитар. Кейін Ф. Миклошич балқан тілдерінің ең басты ерекшелігі грамматикасындағы ұқсастыктан және лексикадағы айырмашылықтан көрінетінің атап айтты. Балқан тілдерінің құрылымындағы ұқсастықты алғаш жүйелі зерттеп түсіндірген 1926 жылы К. Сандфельд. Ол балқан тілдерінің ерекше ортақ белгілерінің 20 түрін көрсетті. А. М. Селишев балканизмдерді:
- 1) семантикалық;
- 2) синтаксистік және морфологиялық;
- 3) фонетикалык сәйкестіктеріне қарап жіктеді. Тілдік одактар теориясының негізін салушы Н. С. Трубецкой 1923 жылы балқан тілдік одағы ұғымын алғаш рет ұсынған. Балқан тілдік одағы мәселелерімен Р. О. Якобсон, П. Скок, Б. Гавранек, В. Скаличка, В. Георгиев, Селишев, А. В. Десницкая тағы басқа шұғылданды.
Дереккөздер
- Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер