Барақ - асыл текті ит тұқымының бейнелі атауы. Ілкі дәуірлерге тән археологиялық қазбаларда итті адам мүрдесінің жанына жерлегені мәлім. Бұл итті жеті қазынаға жатқызатын наным-сенімнің көне бастауы болса керек. Ежелгі түсінікте барақ пен бөрінің жігі ажыратыла бермеген, екеуі де тотемдік ұғыммен байланысты болғандықтан, көне рәміздерде, нышандық белгілерде ит-қасқыр бейнелері түркі-моңғол халықтарында кеңінен көрініс тапқан. Мәселен, «Моңғолдың құпия шежіресінде» Шыңғысханның арғы анасы Алунғуаның жатырына түнде шаңырақтан сары нұр түсіп, ол таң бозаландағанда есіктен сары ит түрінде сағымданып шығып кеткендігі,содан ананың жүкті болып қалғаны айтылады. Сонымен бірге, қырғыз халқының арғы тегі қыз бен қызыл иттің жұптасуынан таралған деген аңыз бар. Түркі халықтары балаларына барақ деген атты көп қойған. Батырларын Бараққа теңеген. (Дүрегей) деген ит тұқымының еркегі барақ деп аталатыны жөнінде де біршама деректер сақталған.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. -
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер