Батыс Үстірт кемері — Үстірт жазығының тік құлама жарлармен шектелген батыс жиегі.
Орналасқан жері
Оңтүстігіндегі Қарынжарық сорынан (Маңғыстау облысында) солтүстігіндегі Желтауға (Атырау облысында) дейін 900 км-ге созылған.
Сипаттамасы
Кемерінің биіктігі 60-220 м. Беткі қабаты неогендік әктастан, гипстен түзілген, олардың астындағы қабаттар палеоген мен мезозойдың көлбеу қыртыс шөгінділерінен тұрады. Беткейлерінің әр түрлі пішіндері эрозиялық және денудациялық процестердің нәтижесінде пайда болған. Гипс пен әктастың шаймалануынан карстық құбылыс кең тараған.
Климаты
Бұл өңірдің климаты континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы солтүстігінде - 10°С, оңтүстігінде - 4°С. Шілденің орташа температурасы 27°С, кейде 47°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 130-200 мм.
Гидрографиясы және топырақ құрамы
Кемер бойында суы кермек татитын бұлақтар жиі кездеседі. Жер асты суы 1-5 м тереңдікте. Тұрақты ағыны бар өзендер жоқ. Жер бетінде сортаң, сор және тұзды сор топырақ қалыптасқан.
Өсімдіктер пен жануарлар әлемі
Бұйырғын, , баялыш, жусан, , т.б. сораң шөптер мен бұталар (сексеуіл, жүзгін) өседі. Кемердің шың-қияларында , қарақұйрық, қарақал, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, бүркіт, жыланжегіш, т.б. жануарлар, құстар тіршілік етеді.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер