Бағдарлану (орыс. ориентирование) — бағыныштыларға жағдайды дүрыс тусінуге және жауынгерлік міндеттерді орындауға уақытында дайындалуына көмек корсету мақсатында жоғарғы басшынық аркыны (штаб) берілетін, алда тұрған жауынгерлік міндеттер, ұрыстық жағдайда іс-қимылдарды жүргізуде жаңа құралдарды колдануды немесе әдіс-тәсілдерді колдану туралы ақпарат. Бағдарлану стратегиялық, оперативтік, тактикалық болып бөлінеді. Сонымен қатар, бағдарлану көршілес бірлестіктер, құрамалар, бөлімдер басшылықтарының (штабтарының) өзара бірлесе іс-қимыл жасауларын қамтамасыз ету үшін жасалады. Стратегиялык бағдарлану әдетте қарсыласты жалпы бағалаудан, оның күштері мен құралдарының стратегиялық бағыттар бойынша орналасуы мен бөлінуінен, қарсыластың іс-қимылдарында қолданатын ықтимал тәсілдерінен; топтастыгынан, өз әскерлерінің (күштерінің) алда тұрған іс-қимылдары мен міндеттерінен тұрады. Оперативтік бағдарлану негізінде қарсыластын және өз бірлестік әскерлерінің іс-қимын сипаттары туралы мәліметтерді камтиды. Тактикалык бағдарлану қарсылас, оның іс-қимылі сипаты, сонымен қатар өз құрамасының (бөлімінің, бөлімшесінің) жауынгерлік міндеттерін орындау жағдайы мен дорежесі туралы мәліметтерден тұрады.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер