Бейбітшілікті жақтаушылардың бүкілодақтық бесінші конференциясы - Мәскеудегі Мемлекеттік саяси әдебиеттер баспасынан 1955 жылы орыс тілінде жарық көрген кітап. 1955 жылы 10-12 мамырда Мәскеуде өткен «Бейбітшілікті жақтаушылардың бүкілодақтық бесінші конференциясының» материалдары қысқаша түрде берілген. Конференцияны Н.С.Тихонов ашып, А.Е.Корнейчук «Қазіргі замандағы халықаралық жағдай, бейбітшілікті нығайту және халықтардың бейбітшілікті қорғаудағы күресі» атты тақырыпта баяндама жасады.
10-12 мамыр аралығында 82 депутат сөз сөйледі. Қаныш Сәтбаев 12 мамырда сөз алып, соғыс аяқталғаннан кейінгі 10 жыл ішінде әлемде үлкен өзгерістер болды, таяу күндерде өткен Азия мен Африканың 29 елі қатысқан Бандунг конференциясы езілген халықтардың отаршылдық пен империализмге қарсы бағытталған күресін жариялады деп, Қазақстан жағдайына, ондағы білім беру саласына, Қазақ КСР Ғылым Академиясы мен оның көптеген ғылыми-зерттеу институттарына тоқталады, кезінде өнердің, әдебиеттің, халықтар достығының нығайғанын, ауыр өнеркәсіптің, ірі индустриялды орталықтардың пайда болғанын, тың жерлердің игерілгенін, Қазақстан халықтарының бейбітшілік үшін белсенді күресетіндігін атап көрсетті.
Конференция соңында кеңес делегаттарының Бүкіләлемдік бейбітшілік ассамблеясына аманаты оқылды. «Бейбітшілікті жақтаушылардың бүкілодақтық бесінші конференциясында» Бейбітшілікті қорғаушылардың кеңестік сайланған 140 адамның тізімі берілді. Кітаптың көлемі 12,65 баспа табақ. Таралымы 10 мың дана.
Дереккөздер
- Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер