Беласар– қола дәуірінен сақталған қорым. Қарағанды облысы, Шет ауданы, 45 км жерде, солтүстік-батысында Тайатқан, Шұнақ, тауларымен қоршалған кең алқапта. Б.з.б. 13—8 ғасырларға жатады. 1957 ж., 1968 ж. Орталық Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшілері Ә. Марғұлан, ) зерттеген. Жалпы саны 150, шаршы пішіндес, 1 — 2 кейде 3 концентрлі төртбұрыштардан тұратын ірі тас тақталардан және топырақтан үйіліп, сыртын айнала тас тақталарды тігінен қойып қоршаған үлкен қорым. Мәйттердің басы батысқа қаратылған. Тас жәшіктердің аумағы 110-150 см, тереңдігі 55 см. Кейбір қоршауларда мәйітті өртеп көму тәсілі қолданылған. Оңтүстік бөлігінде есік тәрізді кіретін жері бар. Барлығы онға жуық обалар қазылып, олардан адам сүйектерімен бірге құмыра сынықтары, қола білезіктер, алтын жалатылған сақина, моншақтар және т.б. әшекей бұйымдар табылды. Заттай деректер, жерлеу ерекшеліктері көне дәуірде Беласарды қоныстанған тайпалардың тұрмыс-тіршілігінен мағлұмат береді. Беласар — мәдениетінің ерте сатысына жататын құнды ескерткіш.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, , II том Дереккөз қатесі: Invalid
<ref>
tag; name "source1" defined multiple times with different content - Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер