Берік Сайлауұлы Кәмалиев (13 қараша, 1960 жыл, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері. Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрі (12 сәуір 2011 - 20 қаңтар 2012 жыл аралығында).
Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қаракесек руы Шаншар бұтағынан шыққан.
- (1982) «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
- РФ Президенті жанындағы (2005) «Мемлекеттікжәне муниципалдық басқару» мамандығы бойынша бітірген.
- 1982 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
- 1983 жылдан - құрылыс-құрастыру учаскесінің құрылыс жұмыстарының басшысы.
- 1984 жылдан - аудандық комитеттің нұсқаушысы
- Қарағанды облыстық комсомол комитетінің сектор меңгерушісі
- ЛКЖО Қарағанды обкомы жанындағы студенттердің құрылыс отрядтары штабының бастығы.
- 1992 жылдан - «Мерей» ЖШС директоры
- Қарағанды облыстық «Қазагроөнеркәсіптехника» ӨБ төрағасының орынбасары.
- 1995 жылдан - «Самал» сауда үйінің бас директоры, Директорлар кеңесінің төрағасы.
- 2004 жылдан - ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі.
- ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы.
- 2006 жылдың ақпанынан - Қарағанды облысы агроөнеркәсіптік кешен, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары басқарамасы басшысының орынбасары, бірінші орынбасары.
- 2006 жылдың Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары.
- 2009 жылдан - «Сары Арқа» ӘКК» ¥К» АҚ төрағасы.
- 2010 жылдан бері - ҚР Индустрия және жаңа технология минстірінің орынбасары.
Марапаттары
«Құрмет» орденімен (2007) марапатталған.
Отбасы
Үйленген. 2 ұлы бар.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|