Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова (1963 жылы 8 тамызда Алматыда туған) — кәсіби музыкант, музыкалық - педагог. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). "Достастық жұлдызы" Халықаралық сыйлығының лауреаты (ТМД 2015). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры (2014 жылдан). Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова | ||||||
Туған күні | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Туған жері | ||||||
Азаматтығы | ||||||
Ғылыми аясы | ||||||
Жұмыс орны | ||||||
Ғылыми дәрежесі | ||||||
Альма-матер | Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы | |||||
Марапаттары | |
Толығырақ
1981 - 1986 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын "Фортепиано" мамандығы бойынша оқу бітірді. 1984 - 1998 жылдары Алматыдағы №1 Әміре Қашаубаев атындағы балалар музыкалық мектебінің мұғалімі, Концертмейстері және ұйымдастырушы ұстазы. 1989 - 1998 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "музыкалық білім әдістемесі, музыкалық аспаптар, музыкалық білім және музыкалық теориясы әдістемесі" кафедрасының оқытушысы. 1998 - 2001 жылдары Алматыдағы №1 Әміре Қашаубаев атындағы балалар музыкалық мектебінің Фортепиано мұғалімі және 2001 - 2008 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "эстрадалық өнер бөлімі" кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы болса, ал 2004 - 2007 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша асперантураны аяқтады. 2008 жылдан бастап доцент атанды. Республикалық және Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың ұйымдастырушысы болып табылады. Тәуелсіз аккредиттеу агенттігі және рейтингтер орталығының сарапшысы болып саналды.
Еңбек жолы
- 1984 - 1998 жылдары Алматыдағы №1 Әміре Қашаубаев атындағы балалар музыкалық мектебінің мұғалімі, Концертмейстері және ұйымдастырушы ұстазы.
- 1989 - 1998 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "музыкалық білім әдістемесі, музыкалық аспаптар, музыкалық білім және музыкалық теориясы әдістемесі" кафедрасының оқытушысы.
- 1998 - 2001 жылдары Алматыдағы №1 Әміре Қашаубаев атындағы балалар музыкалық мектебінің Фортепиано мұғалімі.
- 2001 - 2008 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "эстрадалық өнер бөлімі" кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы.
- 2008 жылдан доцент
- 2008 - 2009 жылдары осы оқу орнының "эстрадалық өнер бөлімі" кафедрасының деканы.
- 2009 - 2014 жылдары Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры.
- 2014 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры лауазымында.
Марапаттары
- Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
- 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
- 2012 жылы елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.
- 2014 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректорының жұмысын атқара бастады. 2015 жылы "Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл" медалі
- 2015 жылы "Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл" медалі
- 2015 жылы "Қазақстан конститутциясына 20 жыл" медалі
- 2015 жылы ТМД елдері арасындағы "Достастық жұлдызы" халықаралық сыйлығы және алтын белгісімен марапатталған (Ресей, ТМД);
- 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
- ҚР тұңғыш президентінің жеке алғыс хатымен марапатталған.
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы мен алғыс хатымен марапатталған.
- Алматы облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталған.
Отбасы
- Әкесі: әнші, Қазақ КСР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрғали Нүсіпжанов
- Анасы: Айгүл
- Бауырлары: Алма, Дариға, Нұргүл, Нұрзар.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер