Битум (лат. bitumen — тау шайыры) — жер қойнауында қатты, тұтқыр сұйық және пластикалық күйде жататын көмірсутектік шикізат.
Битум жоғары молекулалық көмірсутектер мен гетероатомдық (оттекті, күкіртті, азотты, т.б.) қосылыстардан тұрады. Генетикалық тұрғыдан битумға мұнай, табиғи жанғыш газдар, газ конденсаттары, сондай-ақ, мұнайдың табиғи туындылары (мальталар, асфальттар, асфальтиттер, кериттер, гумино-кериттер, , антраксолиттер) және олардың аналогтары (нафтоидтар) жатады.
Битум Таяу Шығыста битум з-дан 3000 ж. бұрын байланыстырғыш, құрылыс материалы ретінде және бальзамдау (Ежелгі Мысырда) үшін пайдаланылған. 15 ғ-да Перуде инктар битумды қолданып жол салған. Битумның тығыздығы 0,96 — 1,5 г/см3, 35oС-тан жоғары температурада жұмсара бастайды. Битум құрылыста (автомобильдың жол төсемі, рубероид, т.б.), электр өнеркәсібінде (оқшаулауыш, тотығуға қарсы жабынды), медицинада кеңінен қолданылады. Битумның дүниежүзінді өндірісі жылына 120 млн. т-дан асады (1996).
Дереккөздер
- Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл.
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Сәулет және құрылыс / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ, 2006. - 280 6.ISBN 9965-808-83-Х
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |