Биқұм – Алакөл алабының солтүстік-шығысында, Үржар мен Қатынсу өзендері аралығындағы төбешікті құм. Екі өзеннің арасында, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр.
Биқұм | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 418 м |
Ені | 10, 12 км |
Орналасуы | |
46°38′37″ с. е. 81°50′15″ ш. б. / 46.643657° с. е. 81.837511° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°38′37″ с. е. 81°50′15″ ш. б. / 46.643657° с. е. 81.837511° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Абай облысы |
Орналасуы | Үржар мен Қатынсу өзендері аралығындағы төбешікті құм |
Географиялық орны
Абай облысы Үржар ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 418 м. Орташа ені 10 – 12 км, кей жерлерінде 18 км-ге дейін кеңейеді. Жер бедерінде биіктігі 3 – 5 м болатын құм төбешіктері басым. Олар бір-бірімен жалғасып, құмды жалдар түзейді. Ойыстар мен қазаншұңқырларда сор және сортаң жерлер тараған.
Өсімдігі
Өсімдік жамылғысынан жүзгін, теріскен, қоянсүйек, жусан, қара жусан, еркек, т.б. бар. Өзен жағалауларында шеңгел, жыңғыл, құрақ, қамыс өседі.