Бұрыштістілер (Hynobiidae) — құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділер. Қазақстанда 2 түрі cібір бұрыштістілері, жетісу аяқтыбалығы бар. Қазақстанның солтүстік облыстарының қайыңды, аймағында кездеседі. Денесінің ұзындығы 60 — 75 см, құйрығының ұзындығы 4 — 5 см. Құйрығы екі бүйірінен қысыңқы келеді. Бүйірі мен қарнында 12 — 15 көлденең сызықтары бар. Терісі жалаң, аяғы қысқа, 4 тармақты. Түсі қоңыр, тек арқа жағы сары жылтыр болады. Көбею кезінен басқа уақытта ересектері тіршілігін құрғақ жерде өткізеді. Күндіз құлаған ағаш, шіріген түбір астында, ағаш қуысында жасырынып жатады. Көбіне жемін аулауға кешкілік, түнде шығады, құрттармен, моллюскілермен, жәндіктермен қоректенеді. Бұрыштістілер ағаш түбінде жеке, кейде топтанып бір жерде қыстайды. Көктем шығысымен бұрыштістілер тайыз көлдерге уылдырық шашады, 3 — 4 жетіден кейін уылдырықтан кішкентай шығады. Бұрыштістілер жыныстық жағынан 3 жасында жетіледі. Бұрыштістілердің жаулары — . Сондай-ақ, қар аз түскен жылдары жер қатып қалып, олардың көпшілігі өледі, көл таязданған кезде бұрыштістілердің уылдырақтары дамымай қалады.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHpMek13TDBoNWJtOWlhWFZ6WDJ0cGJYVnlZV1ZmSlRJNFkzSnZjSEJsWkNVeU9TNXFjR2N2TWpJd2NIZ3RTSGx1YjJKcGRYTmZhMmx0ZFhKaFpWOGxNamhqY205d2NHVmtKVEk1TG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер