Бұғы қоңыз (лат. Lucanus cervus) – қатты қанаттылар сабының мүйізді қоңыздар тұқымдасына жататын, саны қысқарып бара жатқан, табиғатқа сән беретін ірі қоңыз. Еуропаның жалпақ жапырақты ормандар аймағында кең таралған, шығыста Жайық өзеніне дейін жетеді. Тек жалпақ жапырақты ормандарда ғана емес, орманды далаларда да кездеседі. Дернәсілі шіріген емен ағашында, сонымен қатар, кейбір басқа жапырақты ағаш тұқымында да дамиды. Дамуы 6 жылға созылады. Қоңыздар ымырт кезінде белсенді. Жараланған ағаш сабағынан аққан шырын мен (әсіресе емен ағашының) қоректенеді. Шілде, тамыз айларында ұшады. Барлық таралу аймағында саны қысқаруда; түрдің саны Қазақстанда, сірә, ешқашан көп болмаған. Жайық аңғарында емен орманының көлемі қысқаруы, оның тіршілік ортасын азайтып отыр. Мүмкіндігінше Жайық өзенінің жағалауында еменді қорғау үшін қорық ұйымдастыру қажет. Бұл қорық бұғы қоңызды, сонымен қатар, жайылма ормандағы бүкіл жануарлар бірлестігін қорғайтын еді.
Бұғы қоңыз | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Lucanus cervus (Linnaeus, 1758) |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdmRHaDFiV0l2TXk4ek55OGxSREFsT1RFbFJESWxRakVsUkRJbE9UTWxSREVsT0VKZkpVUXlKVGxDSlVRd0pVSkZKVVF5SlVFekpVUXhKVGhDSlVRd0pVSTNYeTVxY0djdk1qSXdjSGd0SlVRd0pUa3hKVVF5SlVJeEpVUXlKVGt6SlVReEpUaENYeVZFTWlVNVFpVkVNQ1ZDUlNWRU1pVkJNeVZFTVNVNFFpVkVNQ1ZDTjE4dWFuQm4uanBn.jpg)
Дереккөздер
Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Каз
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — биология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер