Бөкей әулеті — Бөкей ордасының негізін салушы Бөкей ханның ұрпақтары. Бөкей ханның Тәуке, Әділ, Жәңгір, атты 4 ұлы болған. Бөкей хан қайтыс болғаннан кейін ұлы Жәңгір хан сайланды. Бірақ Жәңгір жас болғандықтан, ол ер жеткенге дейін хандық билікті Бөкейдің інісі Шығай сұлтан атқарды. Жәңгір хандық билікті 1824 жылы 24 маусымнан бастап атқарды. Жәңгір өлгеннен соң Бөкей Ордасында хандық билік жойылды. Сөйтіп Бөкей әулетінен тек Жәңгір ғана хан дәрежесіне көтерілді. Жәңгірдің Ескендір, Ибрахим, Сейіткерей, Зұлқарнай, Сақыпкерей, Ысмайыл, Ғұбайдолла, Ахметкерей атты балалары болған. Оның ішінде Зұлқарнай мен Ескендір Жәңгірдің тірі кезінде-ақ қайтыс болған еді. Жәңгірдің балалары ішінде , және Санкт-Петебургтегі паждар корпусын бітірді. Ахметкерей орыс әскерінің полктік шенін иемденген. Ол 1877 — 78 жылы қатысқан. Жәңгірдің сүйікті ұлы — Сейіткерей 1852 жылы ауырып көз жұмды. Оның артында екі ұл қалды. Үлкені — Мұхаммедкерей, кішісі — Шәңгерей Бөкеев. Мұхаммедкерей оқыған. Ол ислам діні ілімдерін терең меңгерген, діндар адам ретінде танылған. Мұхаммедкерейдің Ақыш атты бір ұлы, Айша, Зәуреш атты 2 қызы болған. Зәуреш Бөкеева Шәңгерейдің қолында тәрбиеленді. Бөкей әулетінің ішінде Тәукеннің ұлы Нұрмұхамбет 20 ғ-дың басында өзінің белсенділігімен көзге түскен. Ол 1901 жылы Бөкей ордасының 100 жылдық мерейтойын Санкт-Петербургте атап өтуге тікелей ат салысқан. Нұрмұхамбеттің Махамбет, Ғабдол Хакім, Хабир, Баязит деген 4 ұлы болған. Махамбет Бөкейханов күйші-композитор, ал Ғабдол Хакім Нұрмұхамедұлы Бөкейханов мемлекет қайраткері ретінде танымал. Ғабдол-Хакімнің баласы қазір техника ғылымының докторы, профессор, Тау-кен институтының лаборатория меңгерушісі. Ғабдол Хакімнің немере қызы Ш. Аманжолова тарихи-ағартушылық бағыттағы “Әділет” ұйымы басқармасының мүшесі және “Жаңалық” қорының атқарушы директоры. Бөкейдің үлкен ұлы Тәукеден тараған ұрпақтардың ішінен белгілі дәрігер Хазихан Бөкейханов шыққан.
Бөкей әулеті | |
Елі | Бөкей Ордасы |
---|---|
Негізін салушы үйі | |
Титулдары | Қазақ ханы |
Негізін салушысы | Бөкей хан |
Негізі салынған жыл | 1801 |
Құлауы | 1872 |
өңдеу ![]() |
Дереккөздер
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер