Владимир Владимирович Вельяминов–Зернов (12.11.1830, Санкт-Петербург қ. – 30.1.1904, Киев қ.) – шығыстанушы-тарихшы, этнограф, археолог, нумизмат, тіл маманы, Ресей ғылым академиясының академик. (1861). Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі (1890).
Александров лицейін (1850) бітіріп, 1860 жылға дейін Ішкі істер мин-лігінің Азиялық департаментінде тілмаштық қызмет атқарды. 1851 ж. қазақтардың тілі мен салт-дәстүрі жайлы материалдар жинастыру мақсатында Орынбор губ-ндағы Орта жүз қазақтары арасында болды. 1857 ж. Орыс археол. қоғамына мүшелікке қабылданып, 1861 ж. осы қоғамның хатшысы қызметіне тағайындалды. 1866 ж. Петербург ун-тінің ғыл. кеңесі оған түрік-татар тілдері бойынша ғыл. докт. дәрежесін берді. В.–З-тың басты еңбектері Ресей қол астында болған Шығыс халықтарының, соның ішінде қазақтардың тарихына арналған. Оның кітаптары мен мақалалары жылнама-шежірелер мен мол құжаттық деректер негізінде жазылған. Мыс., Қасым хандығы туралы еңбегінің 2-бөлімінде Қазақ хандығының тарихын Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди», Қадырғали Жалайыридың «Жамиғ Ат-Тауарих», Хафиз Таныштың «Абдолланаме», «Бабырнама» шығармаларын ғыл. айналымға тарта отырып баяндаған.
Шығармалары
- "Монеты бухарские и хивинские";
- “История курдов“;
- "Исторические известия о киргиз-кайсаках и сношениях России со Средней Азией со времен кончины Абул Хайыр-Хана (1748-1765)";
- "Исторические известия о киргизах от 1764-1783 гг";
- "Исследования о Касимовских царях и царевичах";
Сілтемелер
- «Вельяминов-Зернов Владимир Владимирович»
- «Вельяминов-Зернов Владимир Владимирович»
Дереккөздер
- “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер