Владимир Степанович Семизоров (17 сәуір 1935, Луганск қ. — 5 қараша 2003, Алматы) — театр , Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1969).
Өмірбаяны
- Әуелі Луганск қаласындағы көркемсурет училищесінде (1954 — 60) оқыған.
- Бұдан кейін 1960 ж. (проф. М.И. Курилконың жетекшілігімен) бітірген.
- Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында суретші-қоюшы (1969 — 71),
- бас суретші (1970 — 74, 1974 — 80)
- опера студиясында бас суретші (1970 — 74) болып қызмет атқарды.
- Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қойылған П.И. Чайковскийдің “Аққу көлі”, А.И. Хачатурянның “Спартак” (1974) балеттеріне, Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсына, сондай-ақ Астана қаласындағы сахнасына шығарылған Чайковскийдің “Евгений Онегин” (2000), М.Төлебаевтың “Біржан — Сара” (2001), Е.Рахмадиевтің “Қамар сұлу” (2003) операсына айшықты да сәнді декорация эскиздерін жасады.
Марапаттары
- 1966 ж. оған Алматыдағы М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында қойылған М.Ф. Шатровтың “Алтыншы шілде” спектаклін (1965) безендіргені үшін Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- “Парасат” орденімен марапатталған.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер