Гептандар. Метанның гомологтық тізбегіндегі С7Н16 . Гептандардың 9 изомері белгілі, олардың бәрі де мұнай құрамынан табылған. Өздерінің қайнау температурасы тұрғысынан (80,9-100,2°С) гептандар мұнайдың бензин фракциясы құрамбөліктеріне сәйкес келеді. Гептандардың мұнай құрамындағы мөлшері 2 %, бензин құрамындағы мөлшері 10 % шамасында. Гександар сияқты, гептандардың мөлшері және олардың бір-біріне қатынасы мұнайлы қатқабаттың тереңдігіне және сол мұнайды кіріктіретін тау жыныстардың геологиялық көнелігіне тәуелді.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWxMMlUxTDBobGNIUmhibVV0TWtRdFUydGxiR1YwWVd3dWMzWm5Mekl5TUhCNExVaGxjSFJoYm1VdE1rUXRVMnRsYkdWMFlXd3VjM1puTG5CdVp3PT0ucG5n.png)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHhMekV3TDBobGNIUmhibVV6UkM1d2JtY3ZNakl3Y0hndFNHVndkR0Z1WlRORUxuQnVadz09LnBuZw==.png)
Дереккөздер
- Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |