Гипогликемия — тиісті мөлшермен салыстырғанда қанның құрамындағы қанттын азаюы (80 мг% тен аз).
Клиникалық көрініс
Глюкозаның қандағы концентрациясы 70 мг%-ға дейін кемісе, шаршау, әлсіздік, аштық сезімі, аяқ-қолдың дірілдеуі пайда болуы мүмкін. Айқын симптомдар глюкоза концентрациясы 50-40 мг%-ға кеміген кезде байқалады.
Кезеңдері
Гипогликемиялық синдром төрт стадияға бөлінуі мүмкін. Алайда аралық стадиялар олардың нақты белгіленуінсіз болуы мүмкін.
Бірінші кезең жеңіл физикалық шаршау, стресс, сәл төмендеген қан қысымы арқылы көрінеді. Екінші кезең терінің бозаруымен, салқын термен сипатталады, кейде қолдың дірілі, қорқыныш сезімі, жүрек соғуының қаттылығы байқалады. Үшінші кезеңде аталған симптомдарға сезімталдықтың төмендеуі қосылады. Осы кезеңдегі субъективті жағдай көбінесе алкогольдік мас күйге ұқсайды: жақындаған шабуылдан қорқудың жойылуы, қантты жеуге қарсы болу және т.б.; кейде галлюцинация пайда болады. Төртінші кезеңде діріл күшейіп, эпилепсия түріндегі конвульсияға айналады; медициналық көмек болмаған кезде науқас біртіндеп комаға түседі.
Дереккөздер
- Жолымбетов Ө.Ш., Құлназаров А.К., Спорт терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақша-орысша,
- Петровский Б.В., Большая Медицинская Энциклопедия. - Алматы, орысша,
- Петровский Б.В., Большая Медицинская Энциклопедия. - Алматы, орысша,
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер