Гүлмира Тынышбекқызы Дайрабаева (1972 жылы 10 қарашада Қызылорда облысында дүниеге келген) — қазақстандық танымал тележүргізуші, журналист, актриса. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Ақпарат саласының үздігі төсбелгісі.
Гүлмира Дайрабаева | ||
Туған күні | ||
---|---|---|
Туған жері | ||
Азаматтығы | ||
Ұлты | қазақ | |
Қызметі | танымал журналист | |
Марапаттары мен сыйлықтары | |
Білімі
- 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген
- 1995 жылы Францияның СОФИ АНТИПОЛИС шет елдіктерге арналған институтында тәжірибеден өтті.
- 2018 жылы USC Sol Price School of Public Policy, Оңтүстік Калифорния университетінің, АҚШ, Мемлекеттік саясат және басқару академиясының түлегі.
- "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері.
- Мемлекеттік саясат және басқару магистрі.
Еңбек өтілі
- Еңбек жолын 1990 жылы «Қазақстан» телеарнасында жүргізуші болып бастаған
- 1990-1997 жылдары «Қазақстан» телеарнасында редактор, «Таңшолпан» бағдарламасында жүргізуші, коммерциялық бөлім қызметкері
- 1995 жылы Францияның СОФИ АНТИПОЛИС шет елдіктерге арналған институтында тәжірибеден өтіп, ФРАНЦ-3 мемлекеттік арнасында, музыкалық HIT MASHINE хабарының жүргізушісі
- 1997-2000 жылдары НТК телеарнасының қазақ тілді бағдарламалар бөлімінде бас редактордың орынбасары, «Женский тележурнал» бағдарламасының жүргізушісі
- 2000-2001 жылдары «Хабар» арнасындағы «Время Народного банка» бағдарламасының жүргізуші, редакторы
- 2002 жылы «Орт-Казахстан» телеарнасының деректі жобалар жетекшісі, «Наследие» бағдарламасының жүргізушісі
- 2002-2005 жылдары «Хабар» арнасында редактор, тележүргізуші, арнайы жобалардың жүргізушісі
- 2005 жылдан «Қазақстан» ҰТА-да еңбек етеді
- 2012 жылдың ақпан айынан «Қазақстан» ҰТА-да «Таңғы бағдарламалар» бірлестігінің жетекшісі
- 2018-2021 жылдар алағында "Болашақ" халықаралық бағдарламасы арқылы АҚШ-тағы Оңтүстік Калифорния университетінде магистратурада білім алды.
- 2021 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан» ҰТА-да «Таңғы бағдарламалар» бірлестігінің жетекшісі қызметіне кірісті
- 2021 жылғы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің баспасөз хатшысы
- 2022 жылғы қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің баспасөз хатшысы және Қоғаммен байланыс департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.
Марапаттары
- Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
- Қазақстан Республикасының Ақпарат саласының Үздігі.
- "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" медалімен марапатталған.
Сыртқы сілтемелер
- «Қазақстан» РТРК» АҚ ресми веб-порталы
- «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының ресми веб-сайты 28 шілденің 2014 жылы.
- «Таңшолпан» бағдарламасының ресми сайты
- ҚР Қаржы министрлігінің сайты
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер