Гүлшара– ортағасырлық қалашық орны.
Мойынқұм ауданы Ынталы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км жерде, Шу өзенінің ескі арнасының оң жағасында. Гүлшараны 1989 ж. ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) археологиялық экспедициясы (жетек. М. Елеуов) ашқан. Қалашық мен ішкі қамалдан (цитадельден) тұрады. Шахристан бұрыштары әлемнің әр тарапынан бағытталған, трапеция пішіндес төбе. Оның аумағы 130×100–120 м, биіктігі 2–2,5 м. Батыс және шығыс жағының орта тұсында екі жағынан мұнарасы бар кіреберіс жері болғандығы анықталды. Ішкі қамал аумағы 45×50 м, биіктігі 4 м төбе. Ол шахристанның орталық бөлігіне орналасқан. Шахристанның оңтүстік-батыс бұрышынан 15 м шығысқа қарай аумағы 2×3 м тікқазба (шурф) түсіріліп, қалыңдығы 1,3 м мәдени қабат аршылған. Тікқазбадан құм, құмыра, тагора, табақша және өзге де қыш ыдыстар сынықтары алынды. Бұлардың бәрі сырланбаған ыдыстар болып табылады.
Материалдарға қарап, Гүлшара қалашығын тұрғындар 8 – 12 ғасырларда мекендегені, олар егін егумен және мал өсірумен шұғылданған деп тұжырым жасауға болады.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы, 5-том
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер