Виктор Михайлович Довженко (3.3.1920, Ресей, Орынбор облысы, , селосы - 4.3.1945, Польша) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, , взвод командирі.
Соғысқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, селосына қоныс аударды. 1940 жылы қыркүйекте Кеңес әскері қатарына шакырылған. 1942 жылы кіші лейтенанттар курсын бітіріп, 1943 жылдың ақпанынан бастап майданға жіберілді. 1281-атқыштар полкінің (, 47-армия, 60-атқыштар дивизиясы) автоматшылар ротасының командирі аға лейтенант. Довженко 1945 жылы 15 каңтарда елді мекені (Варшава қаласынан Солтүстік-батысқа карай 25 шақырым) маңындағы шабуыл кезінде автоматшылар тобымен жау тылына өтіп, бірнеше әскерін жойды. 16 қаңтар күні қаласы жанында алғашқылардың бірі болып Висла өзенінен өтті де, өздігінен жүретін артиллериялық кондырғыны істен шығарып, жаудың 4 әскерін жер жастандырды.
Ерліктері үшін Довженкоға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (27.2.1945).
Ұрыста қаза тауып, Варшавада жерленген. Орынбор облысы селосындағы бір көшеге есімі беріліп, орта мектептің ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х