Елшілік — бір мемлекеттің екінші мемлекеттегі елшісі басқаратын дипломатиялық өкілдігі. Елшілік құрамына елшіден басқа ресми дипломатиялық қызметкерлер және қызметшілер енеді. Елшілікті төтенше және толық құқылы елші басқарады.
Елші – хаттамалық қатынас бойынша ең жоғарғы дәрежедегі дипломатиялық өкілдіктің басшысы. Елші мемлекеттердің өзара келісімімен тағайындалады. Ол тағайындалмас бұрын мына сатылардан өтеді:
- агреман сұрау;
- қызметке тағайындалуы;
- тағайындалған елге келуі;
- сенім граммотасы тапсырылған соң қызметке ресми түрде кірісуі.
Елшінің негізгі міндеттері:
- Өзін аккредиттеуші мемлекетпен оның азаматтарының мүддесін қорғау;
- Өзі орныққан ел өкіметімен келіссөздер жүргізу;
- Аккредиттеуші мемлекет пен өзі орныққан мемлекет арасында өзара достық қарым-қатынасты дамыту;
- Елші акккредиттеуші елдің атынан сөйлейді.
Елшілік қызметкерлерінің пайдалана алатын белгілі бір жеңілдіктері бар. Мысалы: жеке басына, тұрғын үйіне қол тигізбеу, кедендік жеңілдік, мемлекет ішінде еркін жүру құқы. Елшілік ұстау шығыны әр мемлекеттің өз мойынында. Бүгінде әлемнің 30-ға жуық елінде Қазақстанның елшілігі бар, 40-тан астам елдің елшіліктері Қазақстанда жұмыс істейді.
Тағы қараңыз
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер