Ералы жазығы – Семей облысы, Абай ауданы М. Әуезов атындағы шаруашылық жеріндегі қоныс. Ені 10-20, ұзындығы 30-40 шақырым. Кеңгірбай бидің баласы, Бөжейдің әкесі Ералы дүние саларыңда ағайын-туғандарын жинап алып, арыз-хош айтысып жатып: Ащысу ені бойындағы төбені нұсқап, «Ертең мұнда Ералым жатыр демейсіңдер ме, ана төбеге жерлеңдер», - деп өсиет қалдырған. Бұрынғы Семей-Шыңғыстау тас жолының бойыңдағы, қазіргі Семей-Қарауыл тас жолынан 4-5 шақырым жердегі төбе басындағы бейіт Ералыныкі болғандықтан, жайлау Ералы деп аталып кеткен. Мұнда Еңлік пен Кебек жерленген. Ұрпақтары басына ескерткіш-белгі қойған. Ащысу өзенін қақ жарып ағатын Ералы қорығы бойында Абай көп тарихи оқиғаларды бастан кешіріп, інжу жырларын осы Ералы жазығында қағаз бетіне түсірген. 1917 ж. маусымда М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы киіз үй сахнасында қойылған қонысы да осында.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер