Ербол Көмекбайұлы (1843-84) - Абайдың жақын досы, Арғын тайпасының Тобықты руының Бөкенші елінен тарайды. Дәулеті болған, Ербол сөзге жүйрік, өнерлі, кісіге жұғымды адам болған.
Өмірбаяны
Абай Сүйіндіктің қызы Тоғжанға ғашық болып, екеуінің табысуына Ербол көмектескен. Бертін келе 1884 ж. сайлауында Ербол ақынға қарсы астыртын әрекеттер жасап, Оспан Құнанбайұлының орнына Бөкенші ішінде Жанғабыл Күнту Шоңқаұлын болыстыққа өткізіп жіберуді ұйымдастырған. Досының опасыздығына налыған Абай осы тұста «Көңлім қайтты достан да, дұшпаннан да...» деген өлеңін жазған.
1884 ж. күзде Семейге мал сатып, керек-жарағын алып қайтып келе жатқан Ербол жол үстіңде ауырып, кенеттен қайтыс болады. Оның өлімі Абайға қатты батады. Ақын Шыңғыстау бөктеріндегі Қарауыл өзені бойына өз қолынан жерлеп, қабірі басына төрт құлақты мазар көтерген. Ерболдың жетім қалған 5 жасар баласы Мағауия мен әйелі Қалқаға Абай қамқорлық жасаған. Ерболдың кейінгі кезде қайта қалпына келтірілген мазары Семей облысы, Абай ауданы Абай атындағы Олжабай елді мекенінде.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер