Ержан Оразұлы Рахметов (3.04.1961 жыл, Семей облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылы) - . Қазақ.
Ержан Оразұлы Рахметов | |
Ержан Оразұлы Рахметов | |
Өмірбаяны | |
---|---|
Партиясы | Нұр Отан |
Дүниеге келуі | 3 сәуір 1961 (63 жас) Үржар ауданы |
өңдеу |
Білімі
- (1983) электрик-инженер мамандығы бойынша бітірген.
- Қазақ мемлекеттік басқару академиясының қаржы және несие факультетін (2001) экономист мамандығы бойынша бітірген.
(Өнертабыс патенттеріне) ие.
Еңбек жолы
- 1983 жылдың тамыз айынан - 11 дабыл беру арақашықтығының Семей стансасы Ленин орденді Алматы темір жолы байланысының электромеханигі.
- 1983 жылдың қараша айынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
- 1985 жылдың маусым айынан - «Металлист» Алматы зауытының бас энергетик, 1987 жылдың қаңтар айынан - бастығының орынбасары, 1989 жылдың қыркүйек айынан - №1 цехында бастығы.
- 1992 жылдың ақпан айынан - «Сонар» шағын ғылыми-өндірістік кәсіпшілігінің техникалық директоры.
- 1995 жылдың қыркүйек айынан - «Сонар» ЖШС Орталық Азия және Қазақстан бойынша мұнайөнімдері басқармасының бастығы. 1997 жылдың қараша айынан - «Сонар» ЖШС мұнай өнімдері басқармасының вице-президенті.
- 1998 жылдың қыркүйек айынан - «Сонар-мұнай-өнімдері» ЖШС директордың орынбасары, 1999 жылдың маусым айынан - бас директор.
- 1999 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Парламенті Мәжілісі 2-ші шақырылымының депутаты (№16 ШҚО Абай сайлау округінен, «Отан» РСП атынан ұысынылған), Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.
- 2004 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және еңірлік даму комитетінің мүшесі.
- 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және өңірлін даму комитетінің мүшесі.
Марапаттары
- «Құрмет» (2005) ордені
- «Қазақстан Республикасынын тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
- «Қазақстан Конституциясының 10 жыл» (2005)
- «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006)
- «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.
- ШҚО Бесқарағай ауданының (2005) Құрметті азаматы.
- Курчатов қаласының (2007) Құрметті азаматы.
Отбасы
- Әкесі - Рахметов Ораз-Қажы Қабдолданұлы (1937 жылы туған), зейнеткер, автомеханик болып жұмыс істеген.
- Анасы - Молдабаева Нұрқия Молдабайқызы (1939 жылы туған), зейнеткер, бухгалтер болып жұмыс істеген.
- Үйленген. Жұбайы - Ардақ (1964 жылы туған), дәрігер.
- Қыздары Гүлжан (1986 жылы туған), Салтанат (1993 жылы туған);
- ұлы - Дәуло (1989 жылы туған).
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер