Есілбай Тәлкейұлы Қадралин 1948 жылы Көкшетау облысы Чапаев селосында дүниеге келген. Социалистік Еңбек Ері (1980). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1997).
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.
1964-1982 жылдары шопан, жүргізуші, механизатор, 1982 жылдан трактор-егістік бригадасының бригадирі, 1989-1992 жылдары ауылдық кеңестің төрағасы қызметтерін атқарған. Мәскеудегі Дүниежүзі жастарының кездесуіне қатысқан (1972), Берлиндегі Жастар және студенттердің 10-бүкіләлемдік фестивалінің делегаты. 1975 жылы Қазақстан жастары атынан Бирма Республикасында болып қайтты. Қазіргі кезде фермер.
2 мәрте «Ленин», ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2007 жылдың 24 желтоқсанынан №6-4с шешімімен «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» деген атақ берілді.
Дереккөздер
- Қанжығалы шежiресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 -
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Сыртқы сілтемелер
- Елі үшін еңбек еткендер 16 желтоқсанның 2016 жылы.
- Уәлиханов ауданының құрметті азаматтары
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер