ЕФИМОВ Сергей Кириллович (1918, бұрынғы Астрахан облысы, Арықбалық ауданы Тахтоброд ауылы – 1979) – еңбек ардагері. Социалистік Еңбек Ері (1957).
2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Еңбек жолын 1938 жылы ауыл шаруашылығы техникумын бітіргеннен кейін Арықбалық ауданы Ақан кеңшарында агроном болып бастады. Соғыстан кейін Константиновка және Тахтоброд машина-трактор стансасында телімдік инспектор, бас агроном, 1955 – 62 жылы Константиновка машина-трактор стансасының директоры, Арықбалық ауданы ауыл шаруашылығы инспекциясының бастығы, ауданы жоспарлау комиссиясының төрағасы, 1962 жылдан Володар ауданы Арықбалық кеңшарында бас агроном болды. Орден, медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|