Жабайы қояндар — қоян туыстастарына жатады. Жабайы қоян. Дене ұзындығы 44 см, салмағы 2 кг. Отаны, Орталық және Оңтүстік Еуропа, Солтүстік—Батыс Африка; Еуропанын бірталай мемлекеттері Австралия, Жаңа Зеландия, Америкаға орта ғасырдан бастап тасымалданды. ТМД кеңістігінде Оңтүстік—батыс Украина мен Молдавияда кездеседі. Көбінесе шілікті мекендейді. Үлкен топ құрып өмір сүреді. Топтың басында ең мықты еркек қоян тұрады. Қояндар күрделі және терең ін қазады. Олар өз жер аймағын сасық иісті затпен белгілеп, қоршайды. Ұрғашы қояндар 4—9—дан терісі тақыр, көзі жабық көжектерін жылына 3—7 рет табады. Қояндардың өте қалың көбейген жағдайында олар ауылшаруашылық өсімдіктерін, ағаш көшеттері, бұта—шіліктерді құртып, табиғи биоценозды тоздырады. Австралияда, 19 ғ. ортасында әкелінген жабайы қояндар қатты көбейіп, онда олармен күрес оңдаған жылдар бойы ең өзекті мәселелердің біріне айналған. Аңшылық обьектісі. Зертханада пайдаланылатын жануар. Үй қояндарының арғы тегі. Құйрықсыз жабайы қоян Мексикада Попакатепетль вулканы етегінде ғана таралған. Ол ХТҚО Қызыл кітабына енгізілген.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — биология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер