Жазылбек Қуанышбаев (1896 —1986) - шопан, малшы-селекционер, 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері (1948),(1958). 1896 жылы 29 наурызда Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Көктерек ауылында туған.
Жазылбек Қуанышбаев | |
Туған күні | Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
|
Азаматтығы | |
Қызметі | шопан, малшы-селекционер, 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері (1948),(1958) |
Балалары | Қойшыбек, Тойшыбек |
Марапаттары мен сыйлықтары |
|
Еңбек жолы мен жетістігі
- 1930 жылдан "Кеңес" мал серіктігі құрылғанда алғашқылардың бірі болып кіріп, қой бағады.
- 1936-1957 жылдары Көктерек, Айдарлы совхоздарында аға шопан болып, қажырлы еңбек көрсетеді:
- 1936 жылы таңдаулы малшылар қатарында Алматыда ашылған Қазақстан ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысады. Осы сапардан оралысымен ол [мал] тұқымын асылдандыру жүмысына кіріседі. Жергілікті қылшық жүнді қойды қаракөл қойымен будандастыру ісін жүргізеді. Ұлы Отан соғысынан кейін, тоқтап қалаған бұл селекция жұмысын қайтадан жалғастырып, жаңа қой тобы — қүнды елтірі беретін қаракөл қойын өсіреді. Одан төл алу және оның елтірісінің сапасын жақсарту көрсеткіші жылдан жылға өрлей береді:
- 1947 жылы әр 100 саулықтан 130 қозы алады. Осы еңбегі үшін 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі
- өндірілген қаракөл елтірілері халықаралық жәрмеңкелерде (Дели, Бухарест, Познань, Нью-Йорк қалаларында) және аукциондарда өте жоғары бағаланды;
- 1957 жылы бағымындағы әр 100 қойдан ең жоғарғы, рекордтық көрсеткіш -145 қозы өсірді. Әр қойдан алынған жүн мөлшері де 3,3 кг-ға өседі. Осы үздік табысы үшін 1958 жылы екінші рет Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі.
- 1957-1965 жылдары қаракөл өсірушілікті дамыту жолының бастамашысы болады.
- Екі мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
- СОКП XII съезі және колхозшылардың Бүкілодақтық үшінші съезінің делегаты болды.
- 1962 жылы заңды еңбек демалысына шықса да 1965 жылы жаңа отар қабылдап алып,152-ге дейін қозы өсірген.
Наградалары
- 2 мәрте Ленин ордені
- Алтын Жұлдыз ордені
- "Орақ пен Балға" алтын медалі
- 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері (1948), (1958)
- Медальдер
Есімнен естелік
- 1960 жылы өзі еңбек еткен Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлік ауылында қола бюсті орнатылған.
- Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының орталығы Мойынқұмда Жазылбек Қуанышбаев атындағы мұражай бар.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер