Жалпаққұйрық бұлбұлша (лат. Cettia cetti) – торғайтәрізділер отрядына жататын құс.
Жалпаққұйрық бұлбұлша | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
![]() (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Cettia cetti (, 1820) |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWxMMlV6TDBObGRIUnBZVjlqWlhSMGFWOU5TRTVVWHpJek1sOVNaRTVmVDNWbFpGOU1kV04xYzE5TllYSnZZeTVxY0djdk1qSXdjSGd0UTJWMGRHbGhYMk5sZEhScFgwMUlUbFJmTWpNeVgxSmtUbDlQZFdWa1gweDFZM1Z6WDAxaGNtOWpMbXB3Wnc9PS5qcGc=.jpg)
Қазақстанның шөлді-шөлейтті және далалы белдемдеріндегі қалың қамыс пен бұта өскен өзен-көл жағалауларын мекендейді. Дене тұрқы 10 – 12 см, салмағы 12 – 17 г. Денесінің үстіңгі жағы қызғылт қоңыр, бауыры бозғылт, бүйірі қоңыр сұр болады. Құйрығы жалпақ, дөңгеленіп келген. Жыртқыш құстардан қорғану үшін қалың жыңғыл арасында жасырын тіршілік етеді. Көбіне бұл құстың бар-жоғын ашық, сазды даусынан ғана білуге болады. Жалпаққұйрық бұлбұлша – жыл құсы.
Қазақстанда наурыздың ортасынан қазан, қараша айларының ортасына дейін мекендейді. Орталық Азияның оңтүстік аймақтарын қыстайды.Тостағанша тәрізді ұясын жерге таяу бұта не шөп арасына, өсімдіктің сабақтары мен жапырақтарын өріп жасайды. Оған 4 – 5 жұмыртқа салады, оны аналығы 13 – 15 күндей шайқап, тағы осындай уақыт аталығымен бірге қоректендіреді. Балапандары қанаттары қатаймай жатып ұясын тастап, қалың жыңғыл арасына жасырынады. Осылайша өздерін түрлі жыртқыштардан қорғайды. Жалпаққұйрық бұлбұлша әр түрлі жәндіктермен, олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Ол зиянды жәндіктерді жеп қоршаған ортаға пайда келтіреді, эстетикалық мәні бар, бірақ тіршілігі әлі де толық зерттелмеген.
Дереккөздер
![]() | Бұл — орнитология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Cettia cetti |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер