Жандарм (французша gens d armes — қаруланған адамдар) — 1) жандармерияның жеке құрамы; 2) ауыр қару-жарақты атты әскердің бір түрі. Бұл атаумен алғаш ерекше әскери , кейіннен, әскери полиция офицерлері, ортағасырлық Францияда (13 ғасыр) корольдің жеке күзетін құраған аталды. 15 ротасынан тұратын тұрақты армия құрылуымен (1445) байланысты жандарм деп 100 адамнан құралған ауыр қару-жарақты салт атты жасағы бар аталды, олармен бірге жорықтарда жеңіл қаруланған қызметшілері (, және 3 атқыш-садақшы) жүрді. Орта ғасырлардың соңына таман жандарм деп ақсүйектер құрған салт аттылы ауыр қаруланған жасақтарды атай бастады. Білтелі мылтықты қолдану салт аттылардың әскери күш ретіндегі рөлін төмендетті, алдыңғы қатарға жеңіл қаруланған, бұрынғы жандарм қызметшілері болғандар шықты, 16 ғасырда бұлардан жеке жандармдар отряды құрылды. Олардың дворяндық құрамы қатты қадағаланып, 1549 жылы тікелей корольге бағындырылды, 17 — 18 ғасырларда жандармдар отряды 16 ротадан тұрды. 1788 жылы жандарм отряды таратылды. 1791 жылы Францияда (кейіннен басқа да елдерде) жандарм деп мемлекеттік полицияның ерекше тапсырмалар орындайтын офицерлерін атады. Жандарм Пруссияда 1806 жылға дейін сақталып, негізінен, әскери-полицейлік мақсатта пайдаланылды. Ресейде жандарм 1792 жылы князь Павелдің жеке өзінің таңдаулы әскерін құруымен байланысты пайда болды.
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер