Жансен Кереев (1 қаңтар 1930 жыл Ырғыз - 1983 жыл, Мәскеу) — көрнекті әскери қайраткер, генерал-лейтенант.
Білімі
- Амур облысының жалпы әскери училищесін бітірген.
- Мәскеудегі М.В. Фрунзе атындағы әскери академияны алтын медальмен бітірген.
- К.Е. Воршилов атындағы (1973) бітірген.
- Бас штаб әскери академиясы жанындағы жоғары академиялық курсты (1978) бітірген.
Өмірбаяны
- 1950 жылы әскер қатарына шақырылып, Курил аралдарында қызмет етті.
- 1953—56 жж. Забайкалье әскери округінде взвод командирі
- 1956 жылы Кеңес әскерлерінің Алманиядағы тобына жіберіліп, онда 1962 жылға дейін әуелі атқыштар взводының, кейін рота командирі болды.
- 1965—70 жж. Ленинград әскери округінде полк штабының аға офицері, полк командирі, дивизия командирінің орынбасары.
- 1973—75 жж. генерал-майор атағымен Кеңес әскерлерінің Алманиядағы тобында дивизия командирі, әскери құрама штабының бастығы болып қызмет жасады.
- 1979—82 жж. Приволжье әскери округінің штаб бастығы, КСРО Қорғаныс министрлігі аппаратының жауапты қызметкері. Ол үш ірі әскери жаттығуларға — Ленинград әскери округіндегі «Двина», «Днепр», Шығыс Алманияда өткен «Қалқан» жаттығуларына қатысушы.
- 1982 ж. Вьетнам халық әскерінің аға кеңесшісі болып тағайындалған.
- 1983 ж. елге қайтып келе жатқанында науқастанып, Мәскеудегі Бурденко атындағы әскери госпитальда қайтыс болған. Денесі Алматыға әкелініп, Кеңсай зиратына жерленді.
Марапаттары
Екі орденмен, бірнеше медальмен марапатталған.
Есте қалдыру
- мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз;
- өзіңіз жасаған суретті (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер