Жантақ (Alhagі) — бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Бұтақталып өседі. Қазақстанның шөл далалық аудандарында сұр, құмайт және сортаң топырақты жерлерде, өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде өседі. Арамшөп ретінде суармалы егістікте де кездеседі. 4 түрі бар, ең жиі кездесетіні — кәдімгі жантақ (A. pseudalhagі) және қырғыз жантағы (A. kіrghіsorum). Олардың биіктігі 30 — 100 сантиметр. Тамыры ұзын (10 метрге жетеді), тамыр сабақтары 20 — 30 сантиметр тереңдікте болады, көбіне осы тамырлары арқылы көбейеді. Сабағы бұтақтанып біткен, тікенді, сырты жылтыр, бүртікті. Жапырағы жұмыртқа пішінді, домалақ, бүтін жиекті. Гүлі — қызыл. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі — бұршақ. Дәні бүйрек пішіндес не төрт бұрышты. Жантақ— дәрілік өсімдік, оның қабығында қант, , эфир майы, ал тамырында алкалоидтар, , шайыр, бояғыш заттар болады. жантақтан алынған дәріні қуыққа тас байланғанда, өт, несеп жолдары қабынғанда ішеді. Оның тұнбасынан геморройға қарсы ванна жасайды. Гүлінен ара бал жинайды. Жантақты түйе сүйсініп жейді. Жүгері, қамыспен бірге жақсы сүрленеді.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Alhagi |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |