Жапырақаяқтылар (лат. Phyllopoda) — желбезекаяқты шаянтәрізділер отряды карапаксы жоңқақақпалы екі жақты шатыр немесе қос жаппалы бақалшық тәрізді — фасетті көздері сабақсыз. Кеуде аяқтары жапыраққа ұқсас. Құрсағы жетілмеген. Негізінен тұщы суларда 560 тақау түрлері бар — олардың арасында теңіздерде өмір сүретін түрлер кездеседі. 3 отряд тармағына жіктелген; қалқандылар — бақалшықты жапырақаяқтылар және тармақмұрттылар.
Сипаттамасы
Дене тұрқы 5 мм-ден 3 см-ге дейін. Бас бунақтары бірігіп кеткен. Бұлар денесін жауып тұратын жалпақ қалқанының (карапакстың) немесе қос жақтаулы бақалшағының болуымен ерекшеленеді. Көп бунақты кеудесіндегі жапырақ тәрізді қос тармақты аяқтары болады, солармен жүзеді, тыныс алады, қорегін аузына қарай жылжытады. Құрсақ бунақтары жойылуға жақын. Бұлар: қалқанды шаяндар (Notostraca), бақалшақты жапырақаяқты шаяндар (Conchostraca) және бұтақмұртты шаянтәрізділер болып үш отряд тармағына бөлінеді. Қалқанды шаяндардың 9 түрі белгілі, олардың Қазақстанда 3 түрі анықталған. Бақалшақты жапырақаяқты шаяндардың 150-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда арнайы зерттеулер жүргізілмегенмен, зоопланктонды 2 түрі анықталған.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б.
- Қазақ энциклопедиясы,3 том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер