Жарлы бай («Жаман үйде жалғыз шал ...») - Абайдың 1898 ж. аударған мысал өлеңі. Көлемі тұпнұсқада 74 жол болса, аударма 97 жолдан тұрады. Ақын мысалдың жалпы мазмұнын сақтап еркін аударған. Оқиғаның негізгі мазмұны, айтар ойы ортақ болғанымен, тәржіманда бірлі-жарымды өзгешеліктер бар. Орыс ақынының мысалы тікелей жарлының байлық туралы ойынан басталса, қазақ ақыны алдымен жалғыз шалмен таныстырады. Түпнұсқада жапырайған лашығында ойланып жатқан жарлының 11 жолдық монологын 23 жолға жеткізген. Мысалдағы «тойып тамақ ішпей, ұйқы қанбай, тірнектеп жинаған байлық қажет пе? Өлген соң бәрі де қалады» деген бір шумақпен берілген ойды 3 шумақпен, қазақ оқырманына ұғымды етіп, кеңейтіп аударған. Түпнұсқадағы ақша жинап баюдың сауда-саттығы әлі дами қоймаған қазақ даласы үшін тосындау болатындығын ескеріп, «мал табу» баламасын қолданған. Ақын шығармасында қазақ байларының кейбір ұнамсыз қылықтарын әшкерелеу мақсатында «ант атты», «тәңірі атқан» сияқты қарғыс тіркестерді пайдаланған. Червонец-ділдә, алтын кошелек-дорба, река-дария болып аударылған. Түпнұсқадағы әлгі шал бірнеше рет әмиянды өзенге тастамақ болса, Абай дорбаны суға тастауға оны жүз рет барғызып, оқиғаны нақтыландырады. жарлы тоғызыншы миллионды санап жатқанда қайтыс болады да, мысал аяқталады. да солай, бірақ аударманың соңына:
Алтын қайда, сөз қайда?
Қу нәпсіден не пайда? –
деген тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тыңнан қосқан. Нәтижесінде аударған «Жарлы бай» мысалы қазақ оқырмандарының ұғымы мен тұсінігіне сай ақынның тел туындысындай болып шыққан. Өлең 7, 8 буынды, аралас ұйқаспен кестеленген. Алғашқы рет 1909ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Туынды басылымдарында текстологиялық аздаған өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында «Бай пайдамды тигізіп» деген 7-шумақтың 1-жолы 1945 жылғы басылымда «Бар пайдамды тигізіп» делінсе, 1909 жылғы жинақ негізінде бұл жол «Байлықпен пайдам тигізіп» болып берілген. 1945 жылғы жинақтағы «Кіріп келді есіктен» деген 8-шумақтың 2- жолы қолжазбалары бойынша 1954,1957, 1977 жылғы жинақтарда «Кіріп келді тесіктен» деп түзетілген. 21-шумақтың 2-жолы 1933, 1945, 1977 жылғы жинақтарда 1909 жылғы басылымға сәйкес «Дарияға таман жүз барған» болса, 1954, 1957 жылғы жинақтарда «Дарияға жүз барған» делінген. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1945, 1954 жылғы басылымдарда 23-шумақтың 2-жолы «Өзі әбден жүдепті» болса, 1933, 1957, 1977 жылғы жинаққа сүйеніп «Өзі де әбден жүдепті» түрінде өзгертілген.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер