Жақынжол – Бетпақдаланың шығысында, Желтау тауларының солтүстік-батысындағы оқшау төбе.
Жақынжол | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы | 6 км |
Ені | 2 км |
Биіктігі | 522 м |
Орналасуы | |
45°37′37″ с. е. 72°18′21″ ш. б. / 45.62694° с. е. 72.30583° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°37′37″ с. е. 72°18′21″ ш. б. / 45.62694° с. е. 72.30583° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Географиялық орны
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері
Солтүстіктен оңтүстікке қарай 6 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Абсолюттік биіктігі 522 м. Оңтүстік-батысында Қотанақ (537 м) төбесімен шектеседі.
Геологиялық құрылымы
Палеозойдың эффузивті шөгінді жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі
Қиыршықтасты сұр қоңыр топырағында боз жусан, бұйырғын, баялыш, күйреуік басым өседі. Жазғы мал жайылымына пайдаланылады.