Малдыбаев Жақыпбек (15.5.1907, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы — 8.6.1938, Ташкент маңы) — тұңғыш қазақ ұшқышы. Ауыл мектебінде мұсылманша ашып, алтын кендерінде, ауылдық кеңестерде әр түрлі қызмет атқарған.
Найман тайпасының Қаракерей руынан шыққан. 1929 жылы әскер қатарына алынып, Түркістан ерекше атты әскер бригадасының 82-полкінде взвод командирінің көмекшісі болды. 1932 жылы наурыздан кавалерия бөлімшесінде оқыды. 1933 жылы 1 қаңтарда ұшқыштар және ұшқыш бақылаушылар даярлайтын мектепті, онан соң әскери әуе күштері жанындағы арнайы әскери қызмет курсын бітірді. 1934 жылы 24 шілдеде Орта Азия әскери округінің Сталинабад қаласындағы 40-ерекше авиация отрядына аға және бастығы болып, 1937 ж. 19 маусымда ұшқыштар звеносы қызметіне тағайындалды. Кейбір деректерге қарағанда Малдыбаев 1937 жылы 17 наурыз 1938 жылы 14 қаңтар аралығында Мәскеудегі әскери-әуе академиясының штурмандық бөлімінде оқыған. маңындағы ұрысқа, Испаниядағы азамат соғысына қатысқан. Ұшақ апатынан қазаға ұшырады. Зайсан қаласында, Күршім, Марқакөл ауылдарында көше аттары, Шеңгелді ауылындағы мектеп Малдыбаев есімімен аталады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VI том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |