Жез қобыз — қазақтың көне саз аспабы. Аспап атауы ішегінің немесе шанағының тұтас жезден жасалатындығына байланысты қойылған. Құрылысы қылқобызға ұқсас, бет тақтайына үш-төрт сым ішек тартылды. Қияқпен ысылып ойналады. Жез қобыздың жасалу әдіс-тәсілі мен ойнау үлгісі қобыз бен қылқобыз аспабында қолданатын әдіс-тәсілдермен бірдей. Жез қобызда перне болмайды, саусақпен ішекті мойынға басып отыру арқылы ойналады. Ұлттық ән-күйлермен бірге, батыс классиктерінің шығармаларын да орындауға болады. Жез қобыз түркі тілдес халықтарда кездеседі, әсіресе, Моңғолия қазақтары арасында кең тараған. 1934 жылдан бері кәсіби оркестрлерде де ойналып жүр.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер