Жеміс-жидек (2023 жылға дейін — Плодовоягодное) — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Ауыл | |
Жеміс-жидек | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 42°50′49″ с. е. 73°10′22″ ш. б. / 42.84694° с. е. 73.17278° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°50′49″ с. е. 73°10′22″ ш. б. / 42.84694° с. е. 73.17278° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1957 |
Алғашқы дерек | |
Бұрынғы атаулары | Пұшық төре, Плодовоягодное |
Уақыт белдеуі |
|
Тұрғындары | |
Тұрғыны | ▲2463 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды | +7 72632 |
Автомобиль коды | 08 |
Жеміс-жидек шекарасы |
Географиялық орны
Аудан орталығы - Меркі ауылының оңтүстік-батыс іргесінде. Ауылда орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік пункт бар.
Халқы
2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1918 | ▲2463 | 128,4 | 933 | ▲1197 | 128,3 | 985 | ▲1266 | 128,5 |
Тарихы
Ауылды колхоздастырған 1929 жылдан бұрын бұл жерді Обров деген орыс жеміс-жидек отырғызған екен. Кеңсірік-мұрын ауруына шалдыққан Обров мұрнын үнемі ақ шүберекпен көлденең таңып жүретіндіктен, әрі қазақ тілін еркін сөйлей білетіндіктен жергілікті қазақтар оны "Пұшық төре" деп атап кеткен екен. Оның екі жерде: өзі қоныстанған жерде және Талдыбұлақ деген жерде жеміс-жидек бақтары болыпты. Оларды ел "Обровтың шарбағы" деп атаған.
Жеміс-жидек ауылы 1937 жылы Меркі ауданының көкөніспен айналысатын питомнигі болып құрылған. 1957 жылы Меркі аудандық мемлекеттік питомник кеңшары болып қайта құрылды. 1957 жылдан бастап көшет отырғызумен айналысып, кейіннен бау-бақша, жеміс-жидек, көкөніс өсірумен бірге, будандастырылған әртүрлі жеміс-жидек көшеттерін отырғызып өсіруде.
Ауыл 1959 — 97 ж. жеміс-жидек өсіретін кеңшардың бөлімшесі болып келді. Оның негізінде Плодовоягодноеде 1997 жылдан шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауылда орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Дереккөздер
- Жамбыл облысы Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округінің Плодовоягодное ауылын Жеміс-жидек ауылына қайта атау туралы
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- Жамбыл облысының тоопномикалық атауларының анықтамалығы
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. , VII том
Сыртқы сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер