Зақым келтіру, – жеке адамға қарсы қылмыс түрі, адамның денсаулығына зиян келтіру.
Ерте ғасыр заңдары
Қазақ халқының дәстүрлі әдет бойынша, адамның дене мүшелеріне келтірілген зақым үшін келісімімен құн төленген. Дене мүшелерінің зақымдануына қарай төленетін құнның мөлшері: екі көзді зақымдап, соқыр етсе, толық құн; бір көзі шықса, жарты құн; екі құлаққа жарты құн; омыртқа сынып, сал болып қалса, толық құн; әйел түсік тастаған жағдайда іштегі 5 айлық шарана үшін бір тоғыз айып; 5 айдан асып жарық дүниеге келгенге дейінгі бала үшін жарты құн төленген. бір құнның мөлшері, яки ер адамның құны 1000 қой немесе 200 жылқы не 100 түйе; ал әйел құны 600 қой немесе 100 жылқы не 50 түйе, яки жарты құн болып белгіленген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
бойынша, Зақым келтіру қылмыстың жасалу ниетіне қарай: денсаулыққа қасақана зиян келтіру, абайсызда зиян келтіру, жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру, қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде зиян келтіру, қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру түрлеріне бөлінеді. Келтірілген зақымның ауыр-жеңілдігіне қарай: , яки адамның өміріне қауіпті ауыр зардап немесе адамның көруден, сөйлеуден, естуден қалуына, қандай да болсын дене мүшесінен айырылуына не дене мүшесінің қызмет істеуден қалуына немесе бет-әлпетінің қалпына келтіргісіз дәрежеде бұзылуына душар еткен зақым, сондай-ақ, өмірге қауіпті зардап немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты жоғалтуына не кәсіби еңбек қабілетінен айрылуына немесе түсік тастауына, , немесе уытқұмарлықпен ауруына душар еткен зақым, орташа ауырлықтағы зиян келтіру, яки адамның өміріне қауіпті ауыр зардаптарға апарып соқтырмаған, бірақ денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірінің айтарлықтай дәрежеде тұрақты бұзылуына душар еткен зақым; , яки денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуына апарып соқтырған немесе еңбек ету қабілетінен айтарлықтай емес дәрежеде тұрақты айрылуына душар еткен зақым түрлеріне ажыратылады. үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстың ауыр-жеңілдігіне қарай түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Дереккөздер
- , 4 том 3 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер