Зейнолла Молдахметов (3.8.1933 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Октябрь ауылы) – ғалым, химия ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1989). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1993). ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2002). 1956 жылы және Мәскеудегі аспирантурасын (1962) бітірген. 1956–75 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде, , Қарағанды мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарды. Қазақ химия-технология институтының ректоры (1975–80), Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры (1980–88). 1991–98 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры. ҚР ҰұА Орталық Қазақстан бөлімшесінің академик-хатшысы (1988–2001) болды. 1998 жылдан қазірге дейін (Астана қаласы) ректоры. Ұлы зерттеулерінің негізгі бағыты органикалық молекулалардың фотохимиясы мен , сондай-ақ теориялық және қолданбалы спектроскопиясын, кванттық химия және органикалық молекулалардың реакция қасиеттерін зерттеуге арналған. Молдахметов 5 монография, 6 авторлық куәлік пен патенттің авторы. “” (1981), “Еңбек Қызыл Ту” (1986) ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.
Шығармашылығы
- Спектроскопия комбинационного рассеяния света, А.-А., 1981;
- Квантовая химия алкалоидов, А.-А., 1986; Кванттық химия, А., 1997.
Сілтемелер
Дереккөздер
- Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |