Ибрагимов атындағы көше. Көшеге қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері - Шавкат Шагабутдинұлы Ибрагимовтің есімі (Алматы қаласы әкімінің 02.07.1997 №31 шешімі) берілген. Ибрагимов Шавкат Шагабутдинүлы (1923-1990) Татарстанның Қазан қаласында дүниеге келген. Ғалымның зерттеу жұмыстары қатты дененің радияциалық физикасы, ядролық сәуле мен заттың өзара әсерлесуі, ядролық физика мен ядролық энергетика мәселелеріне арналған. Физик-ғалым 1974-1986 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының вице-президенті қызметін атқарған.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdmRHaDFiV0l2T1M4NVl5OUpZbkpoWjJsdGIzWmZVMmd1YW5Cbkx6SXdNSEI0TFVsaWNtRm5hVzF2ZGw5VGFDNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
Көше Медеу ауданында орналасқан. Бұрынғы атауы - Алатау кентінің Ленин көшесі. Кешенін ұзындығы - 7000 метр.
Дереккөздер
- Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер