Идиоадаптация (грек. іdіos – өзіндік және лат. adaptatіo – бейімделу) – организм органдарының құрылысы мен өздері атқаратын қызметінің тіршілік ету жағдайы ерекшеліктеріне қарай құрылымдық деңгейінің өзгермей, күрделенбей бейімделуі.
“Идиоадаптация” терминін 1931 жылы А.Н. Северцев ұсынған. Идиоадаптация – арогенезге кереғар құбылыс. Ғылыми әдебиетте идиоадаптация терминімен қатар , , деген атаулар да пайдаланылады. Мысалы, жейтін жемінің және оларды табу тәсілдерінің түрлілігіне қарай құстардың тұмсықтарының әр түрлі болуы; масалардың паразиттік тіршілік етуге, өсімдіктің ұрығын таратуға, т.б. бейімделуі; пішіні әрқилы және алуан түрлі ортада тіршілік еткенімен ішек қуыстыларға жататын гидроидтар, маржан полиптері, ескектілер, т.б. өзінің қос қабаттық пішіні мен құрылымын сақтап қалуы, т.б. Негізінен идиоадаптация нәтижесінде организмдер топтарының таралу аясы кеңейіп, көптеген туыс, түр, түр тармақтары пайда болады.
Сілтемелер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IV том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер