Ильминский Николай Иванович (23 сәуір 1822, Ресей, – 27 желтоқсан 1891, Қазан қаласы) – орыс педагогы, .
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdk5TODFOeThsUkRBbE9UZ2xSREFsUWtJbFJERWxPRU1sUkRBbFFrTWxSREFsUWpnbFJEQWxRa1FsUkRFbE9ERWxSREFsUWtFbFJEQWxRamdsUkRBbFFqa3VhbkJuLmpwZw==.jpg)
Өмірбаяны
- Пенза діни семинариясын (1842) бітірген.
- Қазан діни академиясын (1846) бітірген.
- Қазан діни академиясында оқытушы (1846–51) болған.
- Шығыс тілдерін жете меңгеру мақсатында ғылыми сапармен Сирия, Мысыр, Түркияны (1851–54) аралады.
- Қазан діни академиясында шығыс тілдерінен сабақ береді (1854–58).
- Орынбор шекаралық комиссиясында аудармашы (1858–61).
- Қазан университеттінің профессор (1861–72) қызметтерін атқарған.
- 1872 жылдан өмірінің соңына дейін өзі негізін қалаған Қазан мұғалімдер семинариясының директоры болды.
Ғылыми жұмыстары
- «Материалы к изучению киргизского наречия» (Қазан, 1861) атты 200 беттік еңбегінің алғашқы 40 беті Қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасына арналған да, қалған 160 беті ретінде берілген.
- Басқа да түркі тілдерін зерттеумен қатар ауыз әдебиеті нұсқаларын жинастырумен де («Ер Тарғын», Қазан, 1862; «, Қазан, 1859), этнограф, тарих мәселелерімен де шұғылданды (мыс., «Бабыр сұлтанның жазбалары», 1857). Патшалық Ресей үкіметі Еділ, Орал, Сібір аймақтарындағы «бұратана» халықтарға оқу-ағарту ісін жүргізуде Ильминский Николай Ивановичтің «педагогикалық жүйесін» қолданды. Осыған орай мектепте оқытудың білімдік мәнінен гөрі діни-насихаттық жағы басым болды. Осындай кемшіліктерге қарамастан Ильминский Николай Иванович отар халықтардың білім беру ісін дамытуға елеулі үлес қосты. Араб әліпбиі орнына орыс графикасына негізделген әліпби ұсынды. Ағартушы ғалым Ы.Алтынсаринмен қызметтес болып, ол туралы естелік жазды.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IV том
- Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет.
- Профессор Н.И.Егоров. Выступление на чувашском языке (Круглый стол, посвященный к 195-летию со дня рождения Н.И. Ильминского, 120-летию Н.Н. Поппе и 145-летию К.П. Прокопьева). Чăвашла.
- Сергей Щербаков: Миссионерско-просветительская система Н.И. Ильминского и чуваши: две стороны одной медали
- Agabazar: Сумбур вместо гармонии
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер