Интернет-банкинг несие ұйымының интернет арқылы алыстан банк қызметін көрсетуі. Интернет желісіндегі банк сайты арқылы клиент нақты уақыт режимінде әлемнің кез келген нүктесінен банк қызметкері қатыспай-ақ (соның ішінде ұялы телефон арқылы да) өз шоттарының жай-күйі туралы ағымдағы ақпаратты ала алады, қаражаттың шот бойынша қозғалысын қуаттайтын төлем құжаттарының деректемесін қарай алады, мәміле бойынша әріптестер көрсеткен төлем деректемелерінің дұрыстығын тексереді, пластикалық карталармен операциялар жасай алады, тағы басқа. Банкіде қалың көпшілікке олардың орналасқан жеріне қарамастан, қосымша бөлімшелер құрмай-ақ қызмет көрсету және дәстүрлі банк операцияларынан қосымша табыс алу мүмкіндігі пайда болады. Интернет-банкинг сондай-ақ клиенттерге бағалы қағаздар қоржынын басқару қызметін көрсетуге (интернет-трейдинг) де мүмкіндік береді. Электрондық сандық қол қою және кодтау жүйесі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Интернетте электрондық әдіспен ақша аудару технологиясы Quіcken (), (), Managіng Your Money (Mega Software), Securіty Fіrst Network Bank (Cardіnal Bank Shares) жүйелері арқылы іске асырылады.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWxMMlUwTDBScFptWWxRek1sUVRseVpXNTBjMTl0YjJRbFF6TWxRVGhzWlhOZlpHVmZiR1ZqZEdWMWNuTmZaR1ZmWTJGeWRHVnpYMkpoYm1OaGFYSmxjeTVxY0djdk16SXdjSGd0UkdsbVppVkRNeVZCT1hKbGJuUnpYMjF2WkNWRE15VkJPR3hsYzE5a1pWOXNaV04wWlhWeWMxOWtaVjlqWVhKMFpYTmZZbUZ1WTJGcGNtVnpMbXB3Wnc9PS5qcGc=.jpg)
Сілтемелер
- Halyk Bank 5 шілденің 2011 жылы.
- БТА Банкі
- Интернет-Банкинг
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. , X том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |