Иран әкімшілік тұрғыдан остандарға (парсы: استان) бөлінеді. Әр останның басшылығында генерал-губернатор (парсы: استاندار — остандар) отырады. Монархия кезінде остандарды шах тағайындайтын, қазіргі таңда оларды Ішкі істер министрлігі тағайындайды және Ислам республикасының президенті бекітеді..
Остандар жоғары деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктер болып табылады және олар 324 (парсы: شهرستان) бөлінеді; келесі аумақтық деңгей — бахш, олардың саны 740-тан астам. Бахштар дехестандарға — бірнеше ауылдарды біріктіретін ауылдық аймақтарға бөлінеді. Шахрестан басшылығындағы губернаторларды және бахштардың басшылығындағы бахшдарларды Иран Ішкі істер министрлігі тағайындайды. Дехестандардағы басқарушы билік дехдари кеңестерінің қолында, оларды дехдарлар басқарады.
Иран үкіметінің 2012 жылғы мәліметтеріне сәйкес елдегі әкімшілік-аумақтық бөліністер саны :
Қазақша атауы | Парсы атауы | Саны |
---|---|---|
(аймақ) | استان ostān | 31 |
(облыс) | شهرستان shahrestān | 402 |
(аудан) | بخش bakhsh | 999 |
شهر shahr | 1,167 | |
(ауылдық аймақ) | دهستان dehestān | 2,512 |
Тарихы
1950 жылға дейін мемлекет аумағы 12 останға бөлінген болатын. 1950—1960 жж. олардың саны 10 болды. 1970-жылдардың ортасына қарай 23 остан болды.
1979 жылы Керманшаһ останының атауы Бахтаран болып өзгертілді. 1986 жылы Орталық остан Тегеран және Маркази остандарына бөлінді. 1990 жылы Бахтаран останының атауы Керманшах болып қайта өзгертілді. 1993 жылы Ардебил останы Шығыз Әзербайжан останы құрамынан бөлінді. 1995 жылы Тегеран останы құрамына Құм останы бөлінді. 1996 жылы Занжан құрамынан Қазвин останы бөлінді. 1997 жылы Мазандаран құрамынан Гүлстан останы бөлінді. 2004 жылы ең ірі остан — Қорасан үш останға бөлінді: Солтүстік Қорасан, Ризауи Қорасан және Оңтүстік Қорасан. Шамалы бөлігі Язд останы құрамына өтті.
2010 жылы 23 маусымда Тегеран останы құрамынан орталығы Кередж қаласы болып табылатын жаңа Альборз останы бөлінді..
Иран остандары
№ | Остан атауы | Әкім. отрталығы | Шахрестандар | Халқы, (2006) адам. | Ауданы, км² | Тығыздығы , адам/км² |
01 | Тегеран | 12 | 12 046 916 | 12 981 | 928,04 | |
02 | Қом | 1 | 1 046 737 | 11 526 | 90,82 | |
03 | 10 | 1 351 257 | 29 130 | 46,39 | ||
04 | 5 | 1 143 200 | 15 549 | 73,52 | ||
05 | 16 | 2 404 861 | 14 042 | 171,26 | ||
06 | Ардебил | 9 | 1 228 155 | 17 800 | 69,00 | |
07 | 7 | 964 601 | 21 773 | 44,30 | ||
08 | Тебриз | 19 | 3 603 456 | 45 650 | 78,94 | |
09 | Батыс Әзербайжан | 14 | 2 873 459 | 37 437 | 76,75 | |
10 | 9 | 1 440 156 | 29 137 | 49,43 | ||
11 | 8 | 1 703 267 | 19 368 | 87,94 | ||
12 | 13 | 1 879 385 | 24 998 | 75,18 | ||
13 | 7 | 545 787 | 20 133 | 27,11 | ||
14 | 9 | 1 716 527 | 28 294 | 60,67 | ||
15 | Ахваз | 18 | 4 274 979 | 64 055 | 66,74 | |
16 | 6 | 857 910 | 16 332 | 52,53 | ||
17 | 5 | 634 299 | 15 504 | 40,91 | ||
18 | Бушеһр | 9 | 886 267 | 22 743 | 38,97 | |
19 | Шираз | 23 | 4 336 878 | 122 608 | 35,37 | |
20 | 11 | 1 403 674 | 70 669 | 19,86 | ||
21 | 8 | 2 405 742 | 181 785 | 13,23 | ||
22 | 14 | 2 652 413 | 180 836 | 14,67 | ||
23 | Язд | 10 | 990 818 | 129 285 | 7,66 | |
24 | Исфаһан | Исфаһан | 21 | 4 559 256 | 107 029 | 42,60 |
25 | 4 | 589 742 | 97 491 | 6,05 | ||
26 | 15 | 2 922 432 | 23 701 | 123,30 | ||
27 | 11 | 1 617 087 | 20 195 | 80,07 | ||
28 | 6 | 811 572 | 28 434 | 28,54 | ||
29 | 19 | 5 593 079 | 144 681 | 38,66 | ||
30 | 4 | 636 420 | 69 555 | 9,15 | ||
31 | 1 | 1 375 450 | 5 833 | 235,80 | ||
Барлығы | 324 | 70 495 782 | 1 628 554 | 43,29 |
Жобалар
Қазіргі таңда жаңа остандарды құру жобалары қаралуда: Талыш (Гилян мен Ардебилден), (Яздтан), (), Сейістан және Белужстан останын Систан останы және Белужстан остандарына бөлу, Парсты Батыс және Шығыс Парсқа және Тегераннан астаналық аумақ құры және тағы басқа жобалар.
Жаңа әкімшілік бірліктердің түрін құру туралы жобалар бар. 2014 жылы Иранның Ішкі істер министрі Джевад Насериан жаңа әкімшілік аумақ түрі — мантагені енгізу туралы хабарлаған болатын. Әр мантаге құрамына бірнеше остан кіруі керек деп жоспарлануда. Алайда жаңа әкімшілік бірлік остандар орнына келіп, олар мүлдем алынып тастала ма, әлде тек жаңа жоғарғы деңгедегі бірлік болып қана ене ме, әлі белгісіз. Сонымен қатар жаңа әкімшілік бірліктердің атаулары да белгісіз. Барлығы 5 мантагені құру жоспарлануда::
- Тегеран, Қазвин, Мазандаран, Симнан, Гүлстан, Эльбурс, Құм;
- Исфаған, Парс, Кугилуя және Буйир-Аһмад, Чахармақал және Бахтияри, Құрмұзған және Бушеһр;
- Батыс Әзербайжан, Шығыс Әзербайжан, Ардебил, Занжан, Күрдістан и Гилян;
- Керманшаһ, Илам, Лұрстан, Һамадан, Маркази и Хузистан;
- Ризауи Қорасан, Оңтүстік Қорасан, Солтүстің Қорасан, Керман, Язд, Сейістан және Белужстан
Жоспарланған остандар
- Талыш останы— Ардебил мен Гилянның бқліктерінен.
- Солтүстік Күрдістан останы — Шығыс Әзербайжан останына .
Дереккөздер
- Государственный и Политический строй Ирана
- Данные МВД ИРИ 3 мамырдың 2012 жылы.
- Majlis extends term of councils, votes for new province (ағыл.), Tehran Times (24.06.2010). Тексерілді 23 қаңтардың 2012.
- Provinces of Iran (ағыл.)
- НОВОЕ АДМИНИСТРАТИВНОЕ ДЕЛЕНИЕ ИРАНА
- طرح جدید وزرات کشور برای تقسیم منطقه ای ایران فاقد کارشناسی ملی و مطالعات میدانی است
- Положение талышей в Иране. — Страница 2 — ::AzeriTriColor-Форум::
- Талыши не у дел — Культурно-информационый портал «Движение Свободный Лезгистан» 14 қаңтардың 2012 жылы.
- Талыши-четвертый по численности народ на Кавказе — История — Каталог статей — Официальный сайт РОО «Талышская диаспора» 1 ақпанның 2014 жылы.
- Идея «Северного Курдистана»
Сыртқы сілтемелер
- http://www.geonames.de/couir-provinces.html — Иран остандарының атаулары бірнеше тілде.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер